Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 11-1-4/232 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 11-1-4/232 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9318 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-2 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку