(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МІНДЕТТІ ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫ...
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығы
(2017.17.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 23 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 488 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа