Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 139-ө өкімі

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 139-ө өкімі

 

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

 

 

Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2023 жылғы 4 қыркүйектегі

№ 149-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес туралы

 ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің мақсаттары Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, үйлестіру болып табылады.

3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

 

 

2-тарау. Кеңестің міндеттері

 

6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:

1) еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесі арасындағы байланысты нығайту үшін Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

2) кәсіптік біліктілікті тану жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау.

 

 

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку