«Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығы (2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жыл сайын өткізу белгіленсін.
2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындалсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидалары;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 24-і.
№ 590
Президентінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 590 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық (бұдан әрі - сыйлық) тиісті әкімдіктерге жыл сайын бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингі негізінде кәсіпкерлікті қолдау, дамыту саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені және бизнесті ашу мен жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін беріледі.
ҚР Президентінің 2021.11.02. № 507 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2022.26.11. № 5 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа