«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1157 Қаулысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1157 Қаулысы
Цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тоқсан сайынғы негізде, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері бойынша есептік деректерді Smart Data Ukimet-те орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштерін Smart Data Ukimet-те бағалауды жүзеге асырып отырсын.
4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1157 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен олардың цифрлық орынбасарларының цифрландыру саласындағы қызметінің түйінді көрсеткіштері
Демо – версия документа