(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ САУДА ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕС...
Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы
(2023.04.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 264 бұйрығымен бекітілген
Ішкі сауда қағидалары
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.13.12. № 410 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі сауда қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі сауда қызметін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа