Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 678 бұйрығы

 «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 678 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы куәлігінің нысаны осы бекітілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи

ресурстар министрі

 

 

С. Брекешев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку