«Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізудің кейбір мәселелері және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 Қаулысы (күші жойылды)
«Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізудің кейбір мәселелері және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 Қаулысы
5-тармаққа сәйкес 2019 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу медициналық көрсетілетін қызметтерінің есебін бөлек жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы үшін:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі және 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы қаулының қолданысы Қарағанды облысы үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымшада:
«Консультациялық-диагностикалық көмек» деген 2-бөлімде:
«Көрсетілетін қызметтердің атауы» деген 2-баған:
мына:
«
8. Ангиография | Айғақтар бойынша |
»
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Документ утратил силу
Демо – версия документа