«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, осы қаулыға қосымшаның 8-тармағын, 9-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.»;
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа