(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 229 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдырының пайдалануы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Төрағасының
міндетін атқарушы
Қ. Қожахметов
2015 жылғы 31 наурыз
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 229 бұйрығымен бекітілген
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)
сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Редакция документа
Демо – версия документа