«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 652 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 652 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
32) тармақша алып тасталсын;
1) тармақшаның бесінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) тармақша алып тасталсын;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
1) тармақшаның сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
57) тармақша алып тасталсын;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
«59-1) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректер берудің нысандарын, көлемін және кезеңділігін әзірлейді және бекітеді;»;
72), 75), 111) және 123) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 223-1) және 223-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«223-1) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
Демо – версия документа