«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 912 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 912 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
1-тармақтың бесінші - оныншы абзацтары 2016 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 114-33) тармақшамен толықтырылсын:
«114-33) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;»;
ведомстволардың функцияларында:
229) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;»;
229-1) тармақша алып тасталсын;
229-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-2) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;»;
229-3) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың он төртінші - он алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 229-5) және 229-6) тармақшалармен толықтырылсын:
Демо – версия документа