Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығы (2023.16.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығы

(2023.16.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.29.11. № 859 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции