«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47/НҚ бұйрығы (күші жойылды)
«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 309/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 5 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа