(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКІМЕТІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ ТУРАЛЫ ...
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 Қаулысы
(2020.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi Премьер-Министр Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.»;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.»;
17-тармақта «Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа