«Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығы (2021.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығы
(2021.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесі бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.16.01. № 28 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.14.10. № 632 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары лауазымға тағайындау кезінде осы бұйрықтың талаптарын қатаң басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа