(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭНЕРГИЯ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ...
Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығы
(2015.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Энергия аудитін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 13 маусым
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 400 бұйрығымен
бекітілген
Энергия аудитін жүргізу
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа