Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған, оларға қатысты мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат бойынша талаптар тоқтатылатын заңды тұлғалардың тізбесін және олардың берешек көлемін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 634 Қаулысы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған, оларға қатысты мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат бойынша талаптар тоқтатылатын заңды тұлғалардың тізбесін және олардың берешек көлемін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 634 Қаулысы

 

«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған, оларға қатысты мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат бойынша, оның ішінде:

1) төлем қабілеті жоқ кәсiпорындарды санациялауға және оңалтуға берілген кредиттер;

2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталықтандырылған (директивтік) кредиттерін алу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 шілдедегі № 826 қаулысыныңнегізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кепілдігімен берілген орталықтандырылған (директивтік) кредиттер;

3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталықтандырылған (директивтік) кредиттерін алу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 шілдедегі № 826 қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдардың кепілдігімен берілген орталықтандырылған (директивтік) кредиттер;

4) «Өзара қарыздарды есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 4 ақпандағы № 1542 қаулысының негізінде өзара борыштарды республикаішілік есепке алуды жүргізу нәтижелері бойынша берілген кредиттер;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку