(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТ...
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 253-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 50-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1077 қаулысымен
бекітілген
Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ұйымдық-техникалық іс-шаралар
Жалпы ережелер
1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа