Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 115 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 115 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;

24-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:

дәрілік препараттар;

санаторлық-курорттық емдеу;

протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

мүгедектігі бар адамға бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку