(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛ...
Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына және 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру нұсқаулығын осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің бағалау қағидаларын осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберуді;
Редакция документа
Демо – версия документа