«Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығы (2018.12.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 418 бұйрығы
(2018.12.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың мемлекеттік заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министіріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
Документ утратил силу
Демо – версия документа