(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛ...
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығы
(2020.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидалары және олардың орындалуы жөніндегі есептер бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде мерзімдік ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.04.04. № 135 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар
мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.24.06. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа