«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығы (2024.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығы
(2024.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.05.05. № 323 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.05.05. № 323 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша қайталама пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысаны;
Демо – версия документа