«Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешiмi
Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 193 шешiмi
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 19) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы |
М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 193 шешіміне қосымша
Алматы қаласының аумағында құрылыс салу
қағидалары
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Алматы қаласының аумағында құрылыс салудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағында құрылыс салу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларды жергілікті атқарушы орган, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау органдары, инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және (немесе) реконструкциялау объектілерінің меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иелері қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде қолданады.
3. Жеке және заңды тұлғалар Алматы қаласының аумағында құрылыс салуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Демо – версия документа