«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 151 Қаулысы
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 151 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.
2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
5. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының балансындағы республикалық мүлік және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті» мемлекеттік мекемесінің балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа