«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті тарату туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 172-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті тарату туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 172-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларының 26-тармағына сәйкес:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес таратылсын.
2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Демо – версия документа