«Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 347-НҚ бұйрығы
«Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 347-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 21 мамырдағы
№ 347-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862
бұйрығына 1-қосымша
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Демо – версия документа