«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 450 Жарлығы (2024.09.01. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2024.09.01. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 450
Президентінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 450 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы»,
«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы»,
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы»,
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы».
2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Демо – версия документа