«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ҚР Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 438 Жарлығымен күші жойылды
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын актау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 24 қараша
№ 456
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 24 қарашадағы
№ 456 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, Мемлекеттік комиссияның хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады.
5. Мемлекеттік комиссияның құрамы мемлекеттік органдар басшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, ғалымдардың қатарынан жасақталады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа