(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.13.11 № 1834 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 Қаулысы
(2015.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 1834 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы
| - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары
|
Айтбайұлы Өмірзақ
| - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
|
Ибраим Самат Бектенұлы
| - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
мына:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
|
Құрманбайұлы Шерубай
| - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы»; |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
|
Редакция документа
Демо – версия документа