(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕЛЕГЕН ҚАРУ ТҮРЛЕРIНIҢ АЙНАЛЫМЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БА...
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 Қаулысы
(2016.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi;
2) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру ережесi;
4) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша бір айлық мерзiмде, «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бір жолғы алым мөлшерлерiн бекіту туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгiзсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа