(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.14.10 № 1173 ҚАУЛЫСЫ
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1173 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру
қағидалары
1. Осы Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) беру тәртібін айқындайды.
2. Депозитарий — пайдаланушылар үшін ашық ұйымдар жыл сайын ұсынатын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.
Депозитарийге қол жеткізу «www.dfo.kz» мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан депозитарийдің веб-сайты арқылы жүзеге асырылады.
3. Депозитарий екі: негізгі және қосымша кіші бөлімнен тұрады.
Депозитарийдің негізгі кіші бөлімі осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген депозитарий ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштерін қамтиды.
Қосымша кіші бөлім ұйымдардың қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін қамтиды.
4. Ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға (бұдан әрі - Уәкілетті ұйым) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді.
Редакция документа
Демо – версия документа