«Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығы
(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.21.10. № 25 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2025.04.03. № 6 бұйрығымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа