Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешімі (2019.06.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешімі

(2019.06.03. берілген өзгерістермен)

 

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімімен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі бекітілсін.

2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы

 

Т. Егінбаев

 

Астана қаласы мәслихатының

хатшысы

 

С. Есілов

 

Астана қаласы мәслихатының

2015 жылғы 23 қыркүйектегі

№ 410/57-V шешіміне

1-қосымша

 

 

Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық
жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну

 тәртібі

 

Осы Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 8-бабының 4-тармағына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына оқу кезеңінде (жазғы демалысты қоспағанда) қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жеңілдікпен жүру түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции