«Агломерациялар жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 64-ө өкімі (2023.19.10. берілген өзгерістермен)
Агломерациялар жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 64-ө өкімі
(2023.19.10. берілген өзгерістермен)
«Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Агломерациялар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танымын:
1) «Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 106-ө өкімі;
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Премьер-Министрінің 2023.19.10. № 162-ө өкімімен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 64-ө өкіміне
қосымша
Агломерациялар жөніндегі кеңестің
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Демо – версия документа