Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.23.08 № 825 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 825 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы

№ 825 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 569-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік орган болып тағайындалсын.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:

1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша - «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку