Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдермен және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 414 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдермен және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 414 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

В.Школьник

2015 жылғы 11 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 30 мамырдағы

№ 414 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку