«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 1068 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 9 қараша
№ 1068
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы емханасы бар орталық әскери госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
Демо – версия документа