«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 638 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 638 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 3 тамыздағы
№ 638 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнімдерінің өндірісі мен мұнай өнімдері айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысы.
Демо – версия документа