(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАРАЛУ ОШАҚТАРЫН ОҚШАУЛАУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАР...
Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа