«Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 96-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 96-НҚ бұйрығы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 96-НҚ бұйрығына
қосымша
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) бекітілген тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Тізбе).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа