«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Осы қаулының 2-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) оған «Қазконтент» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын сүйемелдеу шеңберінде, оның ішінде елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты интернет желісі арқылы жедел тарату жолымен ақпараттық-публицистикалық жұмысты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықта Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қалыптастыру;
2) инновациялық технологиялар саласында шешімдер қабылдаудың оңтайлы әдістерін айқындау шеңберінде консультациялар көрсету;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында интернет-конференциялар, брифингтер, баспасөз іс-шараларын және басқа да сараптамалық сүйемелдеу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
4) интернет желісінде жарнамалық орын ұсыну (сату) бойынша қызметтер көрсету;
5) деректер базаларын басқару жүйелерін пайдалана отырып, порталдар мен веб-жобаларды алгоритмдеу;
6) интернет желісіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық порталдарды ақпараттық басқару, ұстау және қолдау көрсету;
Демо – версия документа