Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 316 бұйрығы

«Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 316 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қантар жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаментіне (Жахметова Ж. З.):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық акпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку