«Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 388-НҚ бұйрығы
«Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 388-НҚ бұйрығы
«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына және 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29293 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Демо – версия документа