«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 686 Қаулысы (2023.18.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 686 Қаулысы
(2023.18.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын республикалық
мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің КА-168/4 мекемесі».
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УГ-157/10 мекемесі».
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/13 мекемесі».
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/21 мекемесі».
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ГМ-172/1 мекемесі».
6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/19 мекемесі».
Үкіметінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 686 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Демо – версия документа