Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 741 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 741 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамының 100 (жүз) процент мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакеті «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 6 қарашадағы

№ 741 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции