«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1130 Қаулысы
«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1130 Қаулысы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қоғамның жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 265722000 (екі жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма екі мың) теңге мөлшерінде қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаны сайлауды, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруді;
3) қоғамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуді;
4) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Демо – версия документа