(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА...
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 Қаулысы
(2016.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014.22.05. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.22.07. № 419 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.22.05. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.22.07. № 419 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары;
Редакция документа
Демо – версия документа