(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН САТУ ҚАҒИДАСЫН БЕКІТУ ТУ...
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы
(2019.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1174 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 920 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендіру объектілерін сату
қағидасы
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және аукцион, тендер, жабық тендер және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 924 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;
Редакция документа
Демо – версия документа